Экспорт – 43,4, импорт – 34,4 млрд долларды құрады

741

Премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің          халықаралық резерві 94,4 млрд долларға жеткенін жариялады. 

Экспорт – 43,4, импорт – 34,4 млрд долларды құрады

"Мемлекеттік бюджеттің кірісі трансферттерді есепке алмағанда 9 трлн 751 млрд теңге сомасында орындалды. Республикалық бюджеттің кірісі трансферттерді есептемегенде - 100,3, ал жергілікті бюджет 108% орындалды. Халықаралық резерв 94,4 млрд долларға жетті, алтын-валюта резерві - 23,2% ұлғайып, 35,7 млрд долларға өсті", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының сөзінше, ұлттық қордың шетелдік валютадағы активі 58,7 млрд долларды құрады. 

"Сыртқы сауда айналымы 11 айдың қорытындысы бойынша 77,7 млрд доллар болды. Оның ішінде экспорт – 43,4, импорт – 34,4 млрд долларды құрады. Нәтижесінде сыртқы сауданың оң сальдосы 9 млрд доллар деңгейінде сақталды", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу