Экспорт еркіндігін әр елмен жеке талқылаймыз – Тимур Жақсылықов

1104

Қазақстан ЕАЭО-дас тыс нарықтарға экспорт көлемін арттырмақшы.

Экспорт еркіндігін әр елмен жеке талқылаймыз – Тимур Жақсылықов

Биыл Қазақстан Еуразия  экономикалық одағына төрелік етеді. Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының экономика және қаржылық саясат жөніндегі министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша Нұр-Сұлтан өз тарапынан бес басым бағытты таңдап, сол бойынша нақты шешімдер қабылдауға күш салатын болады. Олар: өнеркәсіптік кооперацияға жаңа серпін беру, өзара саудадағы тосқауылдарды жою, трансшекаралық логистика, біртұтас цифрландыру, үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен сауда-экономикалық қатынастарды белсенді дамыту.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударған тағы бір басым бағыт бар. Бұл – үшінші елдермен, өзге де интеграциялық топтармен сауда-экономикалық, инвестициялық әріптестікті белсенді дамыту. Соның ішінде сыртқы нарықтарға экспорт көлемін арттыру нақты мақсат етіп алынып отыр. Бұл да өте маңызды бағыт. Осы бойынша әр елмен белсенді жұмыс жүргізілмек", - деді ол.
 
Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу