Экспорт көлемі 8 айда 31,9 млрд долларға жетті

644

Қыркүйекте жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталды.

Экспорт көлемі 8 айда 31,9 млрд долларға жетті

Өткен айда жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 8 айдағы минус 3% минус 2,8% жақсарды. Жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталды. Нақты секторда өсу 2,2% артты. Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді. 

Құрылыс, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі салалырында өсім, ал көлік, сауда, әкімшілік қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік операциялары мен тамақтану салаларында кері көрсеткіш тіркеліпті. 

"Бұл – 9 айдың көрсеткіші. Қыркүйек айын жеке қарастырсақ, онда қызмет көрсету салаларының көбі өсудің қалпына келе бастағанын көрсетіп отыр. Экспорт 8 айда 31,9 млрд долларды құрап, төлем теңгерімінің оң сальдосын 8,1 млрд доллар деңгейінде қамтамасыз етті. Дайын және өңделген өнімдердің экспорты ұлғайды. Осы жылғы қаңтар-тамызда автокөлік экспорты 5,7 есе, ферросилиций – 5,4 есе, күнбағыс майы – 86, темірден жасалған созба сым – 33, титан құймалары 9,5% өсті", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, 9 айда өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсім көрсетті. Машина жасау – 51,6, фармацевтика – 39,8, дайын металл бұйымдары – 18,9, қағаз өнімдері  15,1% және жеңіл өнеркәсіп 14,1% ұлғайды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу