Экспорт көлемін ұлғайту жоспарда жоқ – "Каспий Құбыр Консорциумы"

1231

"КҚК" биыл қанша тонна мұнайды айдайтынын айтты.

Экспорт көлемін ұлғайту жоспарда жоқ – "Каспий Құбыр Консорциумы"

КҚК биыл қанша тонна мұнайды айдайтынын айтты 

Биыл "Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ 67,5 миллион тонна мұнай айдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы "КҚК" АҚ бас директоры Николай Горбань айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның пікірінше, барлығы жағдайға және мұнай өндірушілер өнімді қалай беретініне байланысты.

"Алайда біз бастапқы өтінімді қабылдауға дайынбыз. Бұл – 67,5 миллион тонна мұнай", – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Николай Горбаньның сөзін "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев толықтырды.

"2020 жылы компания Қытайға шамамен 12 миллион тонна мұнай экспорттады, ал 2021 жылы осы бағыттағы мұнай құбырының қуаты 20 миллион тоннаға артады", - деді Берлібаев.

Алайда ол биыл экспорт көлемін ұлғайту жоспарда жоқ екенін атап өтті.

"Бағаға байланысты бізде тиімді бағыт бар. Ол – Қара теңіз нарығы. Қытайға мұнай Ресей арқылы өтеді. Яғни біз 10 миллион тоннадан аса мұнайды Ресейден Қытайға тасымалдаймыз. Транзит Қазақстан арқылы өтеді. Бұл экономикаға оң әсерін тигізеді. Менің ойымша, биыл бұл сандар өзгермейді. Ол – Қытайға 12 миллион тонна, оның 10 миллион тоннасы Ресей арқылы", - деді "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу