Экспорт көлемін ұлғайтуға зор мүмкіндік туды

720

Экспорт көлемін ұлғайтуға зор мүмкіндік туды

Қазақстан аумағы аусыл ауруынан таза. Париж қаласында Халықаралық эпизоотиялық бюро комиссиясы алғаш рет ел аймағында жануарларда кездесетін індеттің жоқтығын растайтын сертификат табыс етті. 188 мемлекет бір ауыздан қолдап, бізден ет, сүт өнімдерін алуға болатындығын мақұлдады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті. Ведомство басшылығының айтуынша, осыған дейін 5 облыста аталған ауру түрі бар болуы мүмкін делінген болатын. Комиссия мүшелері тексере келе, аймақтың таза екендігіне көз жеткізді. Енді Парсы Шығанағы, Иран, Израиль сияқты мемлекеттер біздегі таза өнімді сатып алуға ниет білдіріп отыр. Яғни Қазақстандық экспорт көлемі ұлғайып, экономикаға да оң әсерін бермек.

"Бізге экспортқа өнім шығаруға және біздегі өнімге деген сұраныстың артатынын білесіздер экологиялық таза өнімдерге. Енді осыған байланысты Халықаралық сауда тәртібіне сәйкес, өнімнің шығатын жерінен өнімнің баратын жеріне аусыл ауруына қолайлы аймақ деген мәртебе қажет. Мал бордақылау алаңын үлекейте алады", - дейді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасарыТұрсын Қабдолданов.

Елімізде "Агробизнес - 2020" бағдарламасы бойынша 60 мың тонна ет өнімі өндіріліп, шет аймаққа шығару жоспарланған болатын. Енді осыдан кейін экспорт көлемі екі есеге дейін артпақ. Алайда, бұл ішкі нарықта ет бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін. Мұны ведомство басшылығы жоққа шығармады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу