Экспорт шығындарын келесі жылы да қайтаруға болады

1183

"QazIndustry" 139 экспорттаушының шығынын ішінара өтеп берген.

Экспорт шығындарын келесі жылы да қайтаруға болады

Экспорт шығындарын өтеу құжаттарын қажет тәртіпте өткізбеген компаниялар келесі жылға қайталап өтінім бере алады. Сауда және интеграция министрлігі осындай мәлімдеме таратты.

"2019 жылдың 26 желтоқсанындағы дерек бойынша "QazIndustry" акционерлік қоғамына өңделген тауарларды экспорттайтын 350 компаниядан 578 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 433 өтінім тауар жеткізу шығындары бойынша, 145 өтінім тауарды ілгерілету бойынша жолданған", – делінген министрліктің мәліметінде.

Экспорттаушыларды қолдау үшін құрылған "QazIndustry" компаниясы бұл өтінімдердің 178-ін мақұлдапты. Соның нәтижесінде 139 компанияға 3,9 млрд теңге төленген. Атап айтсақ, 3,5 млрд теңге тауар тасымалы бойынша, 348 млн теңге тауарды нарыққа енгізу бойынша қайтарылған.

Құжаттарды дұрыс өткізбеген өтінім иелері бұл төлемнен құр қалған. 

"Құжаты қабылданбағандар арасында   шығындары ішінара өтелетін тауарлар тізбесінде жоқ өнім саудалағандар да бар. Өзге кәсіпорын өңдеген өнімді сатып, делдал болған компаниялардың өтінімі де қанағаттандырылмады. Ал құжатты қате толтырған экспорттаушылар келесі жылы қайталап өтінім бере алады. Экспорт тасымалының шығындары үшін өтінім беру мерзімі 12 ай болса,  тауарларды жылжыту шығындарына  өтінімді 32 айдың ішінде беру қажет", – делінген ресми ақпаратта.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу