Экспорт тауарларына баға өседі – Ақылжан Баймағамбетов

946

Ұлттық банк 2021 жылғы мамыр-маусым болжамды кезеңнің қорытындысын жариялады. 

Экспорт тауарларына баға өседі – Ақылжан Баймағамбетов

Биыл негізгі экспорт тауарларына баға өсіп, экспорт көлемі ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, сыртқы сектордағы тенденциялар төлем балансы көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетеді.

"Ағымдағы шоттың тапшылығы шамамен 2 есе қысқарады деген болжам бар: 2020 жылы 6,3 млрд доллардан 2021 жылы 3,6 млрд долларға дейін. Жағдайдың жақсаруына негізінен тауар экспорты көлемінің өсуі себеп болды. Біздің болжамымыз бойынша әлемдегі сұраныстың қалпына келуіне байланысты Қазақстан экспортының негізгі тауарларына (мұнай, қара және түсті металдар, газ, уран, астық) баға өсіп, экспорт көлемі ұлғаяды", – деді Ақылжан Баймағамбетов.

Ол экономикалық белсенділіктің қалпына келуі, сондай-ақ ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық тауарлар импортын қолдауға септігін тигізеді деген пікірде.

"Халықтың тиімді сұранысының қалпына келуі де тұтыну тауарлары импортының өсуіне ықпал етеді. Ағымдағы шоттың осындай динамикасы ел экономикасының құрылымдық ерекшелігін көрсетіп отыр. Алайда өткен жылмен салыстырғанда салада айтарлықтай жақсару болды деген қорытындыға келу керек", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу