Экспортқа 4,8 млн тонна астық жөнелтілді – ҚТЖ

833

Жүк айналымы 2,6%-ға өсіп, 176,4 млрд тонна-км құрады.

Экспортқа 4,8 млн тонна астық жөнелтілді – ҚТЖ

Биылғы 9 айда "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша тиеу 190 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,5%-ға жоғары. Ішкі қатынаста – 123 млн тонна (+1%), экспортқа 66,6 млн тонна (+2,5%) тиелген.

"Қаңтар-қыркүйек айларында тас көмір тиеу 5,2%-ға өсіп, 76,6 млн тоннаны құрады. Қазақстандық тұтынушыларға 53,6 млн тоннадан астам қатты отын жеткізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өсті. Экспортқа 23 млн тонна жөнелтілді. Астық тиеу 6,4 млн тоннаны құраса, оның ішінде экспортқа 4,8 млн тоннасы жөнелтілген. Есепті кезеңде өткен жылға қарағанда мұнай өнімдерін тиеу 7,2%-ға (13 млн тоннаға дейін), темір кені мен марганецті тиеу – 3,2%-ға, яғни 20,8 млн тоннаға дейін өсіп отыр", – деп жазылған "ҚТЖ" таратқан хабарламада.

Сондай-ақ 11,9 млн тонна құрылыс жүктері, 3,6 млн тонна қара металдар, 2,9 млн тонна химиялық тыңайтқыштар, 16,8 млн тонна түсті кен мен күкірт шикізаты тасымалданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу