Экспортқа 5,9 миллион тонна астық жөнелтілді

928

Орталық Азия елдері, Иран, Ауғанстан, Қытай және Ресей Қазақстандық астық пен ұн экспортының дәстүрлі бағыттары болып қалуда.

Экспортқа 5,9 миллион тонна астық жөнелтілді

Биылғы жылдың 9 айында артылған астық көлемі 7,8 млн тонна болды. Бұл көрсеткіш  2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 43% артық, деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.   

Республика бойынша тасымалданған астық көлемі 1,9 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылға қарағанда 3% көп екендігін көрсетті.

Экспортқа 5,9 млн тонна астық жөнелтілді (2017 жылдың деңгейіне 64% қосылды). 

Орталық Азия елдері, Иран, Ауғанстан, Қытай және Ресей Қазақстандық астық пен ұн экспортының дәстүрлі бағыттары болып қалуда.

Толықтай алғанда 2018 жылдың соңына дейін 10,8 млн тонна астық тасымалдау көзделсе, бұл 2017 жылғы межеден 27%-ға артық.

Жоспарланып отырған тартылған өнімдерді арту көлемі 3,5 млн тонна, соның ішінде экспорт – 2,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың деңгейімен сәйкес келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу