Экспортқа арналған отандық тауарлар

797

Экспортқа арналған отандық тауарлар

"Орал трансформатор зауыты" өз өнімдерін Түркіменстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан сияқты елдерге шығаруды көздеп отыр. Бұл жайында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының  Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Батыс Қазақстанға жасаған сапары барысында айтылды. Зауытта электроқозғалтқыштар, генераторлар және трансформаторлар шығарылады. Өндірістік қуаттылығы жылына 700 бірлік. Кәсіпорында 200-ден астам адам жұмыс істейді. Сапар барысында  делегация полиэтилен құбырларын шығаратын "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының" жұмысымен де танысты. Аталған кәсіпорынға "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 600 млн теңгедей қаржылай қолдау көрсетілген. Айта кетейік, бүгін онда Тимур Құлыбаевтың қатысуымен кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтетін болады.

Валерий Крылов,  "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының" директоры

Біздің компания 1981 жылы құрылды. 2003 жылы жаңғырту жұмыстары басталды. Содан бері жаңа желі, өндірістік цехтарда құрылғылар орнаттық. Біздің зауыт халық тұтынатын тауарларды өндіреді. Әсіресе, кескінделген қағаздар мен су, газ, кәрізге арналған құбырларды шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу