Экспорттағы шикізатсыз өнімнің үлесі артты

1071

 Экспорттағы шикізатсыз өнімнің үлесі артты

ҚР ҰЭМ вице-министрі Бауыржан Бекешев өз баяндамасында 2017 жылы барлық маңызды көрсеткіштер бойынша ҚР-да сыртқы саудада оң динамика байқалғандығын атап көрсетті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Біз 2016 жылмен салыстырғанда сыртқы сауда айналымындағы 25,1 пайыз едәуір өсімді байқап отырмыз. 2017 жылғы ақшалай мәндегі көрсеткіш 69,5 млрд АҚШ долларын құрады (2016 жылы ұқсас көрсеткіш 55,5 млрд.АҚШ долларына тең болды), - деді Бекешев.

Ол өткен 2017 жылы ҚР сыртқы сауда құрылымы айтарлықтай өзгергендігін атап көрсетті. Шикізатсыз өнім үлесінің өсімі байқалады, экспорттың құрылымында жаңа тауарлық қағидалар пайда болуда. Мәселен, Қазақстанның экспортының жалпы көлемі 31,6 пайызға өсті және 43,1 млрд АҚШ долларын құрады (2016 жылы 32,7 млрд АҚШ доллары). Шикізатсыз тауарлардың үлесі айтарлықтай ұлғайды – бұл көрсеткіш бойынша өсім 22,1 пайызды құрады. Қазақстан 14 млрд АҚШ доллардан астам шикізатсыз өнім экспорттады (экспорттың жалпы көлемінің 32,7 пайызы). Сүрек; қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар; автобустар; фармацевтикалық препараттар бойынша өсім байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу