Экспортталатын тауар бағасы 1,3 пайызға өсті

1518

Экспортталатын тауар бағасы 1,3 пайызға өсті

Ағымдағы жылғы шілдеде өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға – 1,3%, импортталатындарға 2,4%-ға жоғарылады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
Жыл басынан бері экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға – 51,5%, қара металдарға – 31%, мыс кендеріне – 13,8%, көмірге 3,3%-ға жоғарылады, марганец кендеріне – 26,2%, қорғасынға – 5,1%, табиғи газға – 4,4%, мырышқа – 3,3%, мұнайға 1,3%-ға төмендеді. Бағаның мақтаға 7,5%-ға жоғарылауы, олардың жүнге – 7,3%, бидайға 2,5%-ға төмендеуі тіркелді.
Импортталатын өнімдерден кофе – 14,7%, шай – 10,8%, сүт өнімдері – 8,2%, құс еті – 1,2%, макарон өнімдері 1,1%-ға қымбаттады, көкөністер – 42,9%, темекі – 7,3%, жемістер мен жаңғақтар – 4%, өсімдік майы 2,3%-ға арзандады. Баға пластмассаларға – 16,3%, былғары – 6,1%, сүрекке – 2,7%, фармацевтикалық өнімдерге 0,3%-ға жоғарылады.
2016 жылдан бастап экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдер бағасының индекстері теңгемен (өткен жылдары –АҚШ долларымен) көрсетілген сыртқы сауда мәмілелері бағасының өзгерісін сипаттайды.
Есептеу үшін экспорттаушы, импорттаушы кәсіпорындардың іріктемелі тобы және іріктелген өнім түрлері бойынша бағаны жалпымемлекеттік статистикалық байқауы (1-Ц нысаны (экспорт, импорт), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы (1-ТС нысаны) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы статистикалық деректері және Кеден статистикасы деректері пайдаланылады. Баға индекстерін агрегаттауға қолданылатын салмақтау сызбасы белгілі бір жылдың сыртқы сауда айналымы құнының деректері бойынша есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу