Экспортталатын тауарлар бағасы 1,7 пайызға жоғарылады

1547

Экспортталатын тауарлар бағасы 1,7 пайызға жоғарылады

Ағымдағы жылғы маусымда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға – 1,7%, импортталатындарға 2,2%-ға жоғарылады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға – 48,7%, қара металдарға – 29,2%, мырыш кендеріне – 10,8%, көмірге – 7,7%, мұнайға 2,2%-ға жоғарылады, табиғи газға – 7,4%, қорғасынға – 8,1%, мысқа 6,1%-ға төмендеді. Бағаның мақтаға 7,1%-ға жоғарылауы, олардың жүнге – 9,2%, бидайға 4,2%-ға төмендеуі тіркелді.
Импортталатын өнімдерден кофе – 11,2%, сүт өнімдері – 8%, шай – 7,6%, макарон өнімдері 2,1%-ға қымбаттады, көкөністер – 31,9%, темекі – 4,4%, өсімдік майы – 2%, балық 1,4%-ға арзандады. Баға шиналарға – 25,5%, пластмассаларға – 13,7%, қағазға – 5,2%, сүрекке 2,3%-ға жоғарылады, аяқкиімге – 3,4%, фармацевтикалық өнімдерге 1%-ға төмендеді.

2016 жылдан бастап экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдер бағасының индекстері теңгемен (өткен жылдары –АҚШ долларымен) көрсетілген сыртқы сауда мәмілелері бағасының өзгерісін сипаттайды.
Есептеу үшін экспорттаушы, импорттаушы кәсіпорындардың іріктемелі тобы және іріктелген өнім түрлері бойынша бағаны жалпымемлекеттік статистикалық байқауы (1-Ц нысаны (экспорт, импорт), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы (1-ТС нысаны) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы статистикалық деректері және Кеден статистикасы деректері пайдаланылады. Баға индекстерін агрегаттауға қолданылатын салмақтау сызбасы белгілі бір жылдың сыртқы сауда айналымы құнының деректері бойынша есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу