Экспорттық-импорттық операциялар үшін "Бірыңғай терезе" ашылды

1291

"Бірыңғай терезе" енгізудің арқасында СЭҚ қатысушыларына қажетті рұқсат алу және өзге құжаттарды жинау жеңілдейді. Кедендік рәсімдерді өту процестері  жылдамдайды.

Экспорттық-импорттық операциялар үшін "Бірыңғай терезе" ашылды

Бүгіннен бастап экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" порталы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Жобаны ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) бірлесіп жүзеге асыруда.

"Бірыңғай терезе" енгізудің арқасында СЭҚ (сыртқы экономикалық қызмет) қатысушыларына қажетті рұқсат алу және өзге құжаттарды жинау жеңілдейді. Кедендік рәсімдерді өту процестері  жылдамдайды.

Белгілі бір шешім қабылдауда адами факторды жою арқылы жемқорлық әрекеттерін тыю, кедендік және өзге де мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру мүмкін болмақ.

"Бірыңғай терезе" порталының көмегімен СЭҚ қатысушылары экспорттық-импорттық операциялар үшін қажетті ақпаратты стандарттандырылған түрде бірыңғай интерфецис арқылы ұсына алады. Сонымен бірге порталдан тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын-ала ақпаратты алу мүмкіндігін береді. "Біріңғай терезе" арқылы экспорттық-импорттық операцияларға қажетті барлық рұқсат құжаттарын алу мүмкіндігі ұсынылады,

 "Бірыңғай терезе" порталының басты ресми мекенжайы – ­www.eokno.gov.kz  (www.sw.gov.kz)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу