Экспорттық табысымыз төмендеп, импорттық шығынымыз артқан

626

Шикізат арзанға кетіп жатыр.

Экспорттық табысымыз төмендеп, импорттық шығынымыз артқан

2019 жылдың 11 айында Қазақстанның сыртқа сататын өнімдері 2,4% арзандап, сырттан әкелетін тауарлары 6,1% қымбаттаған. Статистика комитетінің дерегі бойынша экспорт нарығында ферроқорытпалар (26,8%) мен мырыш кенінің (4,2%), хром (15,1%) мен мыс кенінің (2,6%), мұнайдың (0,8%), мақтаның (7,1%) бағасы түскен. Темір кені (18,3%) мен қорғасынның (16,9%), көмір (17,1%) мен қара металл бұйымдарының 3,2%), бидай (26,4%) мен жүннің (1,7%) бағасы өскен. 

"Импорттық өнімдер ішінде көкөніс бағасы айтарлықтай (37,4%) артқан. Күріш 10,8%, кондитерлік өнімдер 15,4%, сүт өнімдері 8,3%, макарон өнімдері  7,7%, кофе 6,6%, құс еті 5,2%, балық 5,1% қымбаттады. Қант 7,7% жемістер мен жаңғақтар 3,9% арзандады. Аяқкиім бағасы 11,2%, фармацевтикалық өнімдерг бағасы 10%, құрылыс материалдары 7,8%, қағаз 7,7% қмбаттады", – делінген ресми статистикада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу