Экспорттық тауар құны 20 пайызға өсті

1439

Экспорттық тауар құны 20 пайызға өсті

Қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіш бойынша елімізден экспортталатын тауар құны  20 пайызға өсті, деп хабарлайды finprom.kz.

ТМД елдерінің сатып алушылары үшін қазақстандық өнімдер 0,8 пайызға, ал өзге елдерге 25 пайызға қымбаттады. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында отандық тауарлардың экспорттық бағасы соңғы төрт жылда алғаш рет 20,3 пайызға көтеріліп отыр. 2013 жылдан бері біздегі отандық экспорттық тауар индексі тек төмендеп келе жатқан еді. 

Ал ҚР шикізат бағасы — 28%, дайын тауарлар бағасы — 2,4% өскен. Өткен жылдың алғашқы төрт айында шикізат бағасы 28 пайызға, ал дайын тауар бағасы 9,8 пайызға арзандаған еді.

3.0 жаңғырту аясында ел үкіметі 2025 жылға дейін шикізат емес тауарлардың бағасын екі есеге ұлғайтуыды мақсат етіп отыр. Бұл тапсырманы орындау үшін экспорттаушыларға "бір терезе" принцпі бойынша қолдау көрсетілмек.

Сонымен қатар, үкімет жанынан экспорт саясатын жүргізетін кеңес құру тапсырылған. Оған бизнес-қауымдастықтың өкілдері кіруі керек.

Қыркүйек айына дейін үкімет жергілікті әкімдер және бизнесмендермен бірігіп бірыңғай экспорт стратегиясын жасап шығаруды жоспарлап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу