Экспортымыз шамамен 40 пайызға өсті – Тоқаев

474

Мемлекет басшысы Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзін баспасөз қызметі ресми сайтта жариялады. 

Экспортымыз шамамен 40 пайызға өсті – Тоқаев Фото: akorda.kz

Біз ашық экономика қағидатына берік болып қала береміз. Әлемнің 180 елімен сауда  жасаймыз. Жаһандық экономикалық қиындықтарға қарамастан, біздің шикізаттық емес экспортымыз шамамен 40 пайызға өсті.

 Біз алдағы уақытта да инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз.

 Биылғы 6 айда шетелдік серіктестеріміз еліміздің экономикасына шамамен 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 30 пайызға көп.

 Сонымен қатар бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр.

Біз жыл сайын 5 млн тоннадан астам бидай мен 1,5 млн тонна ұн экспорттаймыз. Әлемнің ең ірі он астық экспорттаушы елдер қатарына кіреміз. 

 Қазақстан – зығыр тұқымын ірі өндірушілердің және майлы дақыл экспорттаушылардың бірі. 

 Біздің стратегиялық мақсатымыз – саланың өндірісін 2,5 есе және экспортты 2 есе ұлғайту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу