Экстремалды спортқа қызығушылар үшін скейт-парк ашылды

1054

Экстремалды спортқа қызығушылар үшін скейт-парк ашылды

Ақтауда алғаш рет экстремалды спортқа қызығушы жастарға арналған скейт-парк ашылды. Теңіз жағасында орналасқан  скейт-паркта жаттығу - тегін, деп хабарлайды 24.kz.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов көтерген игі бастама "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында қаржыландырылған.

Биыл қала аумағында  тағы үш скейт-парк ашу  жоспары бар. Сондай-ақ келер жылы - көше биі воркаут баскетбол спортының дамуына жол ашатын урбан-орталық бой көтермек.

Жалпы, облыс бойынша  12 спорт алаңының құрылысы  жоспарға сай  жүріп жатыр.

"Біздер анализ жасадық Маңғыстау өңіріне, қай спорт түрлеріне жастардың қызығушылығы көп екеніне, сол мақсатта біздің дамытып жатырғанымыз даладағы спорт алаңдары, тегін берілетін ашық алаңдар, стрит-воркаут алаңдары. Теңіз жағасында құрылып, қазірде жастар жақсы спорт түрімен айналысып жатыр. Сонымен қатар Маңғыстауда бұрын ашылмаған скейт-парк алаңы. Міне, оған да қол жеткізіп жатырмыз", - дейді өңірлік жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу