Экстремистік қылмыс үшін жазасын өтеуші қайта сотталды

436

Ол түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында радикалды идеологияны насихаттаған.

Экстремистік қылмыс үшін жазасын өтеуші қайта сотталды Фото: google.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша "Е" азаматына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылғы 28 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №2 соты аталған адамды ҚР ҚК 174-бабы және 256-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Айыпталушы 2015 жылдан бері экстремистік қылмысы үшін жазасын өтеп келген. Осы уақытқа дейін радикалды идеологияны ұстанып, оны түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында насихаттаған.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу