Экстремистік материалдарды таратқаны үшін ұсталды

565

Әлеуметтік желілерге таралған бірқатар бейнероликтер мен материалдардың деструктивті-діни ағымның идеологиясын насихаттайтын экстремистік сипаты бар. Бұл деректер мониторинг жүргізу барысында анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экстремистік материалдарды таратқаны үшін ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, экстремистік материалдарды таратқан деген күдікпен Арыс қаласының тұрғыны ұсталған.                         

"Тінту барысында ұсталған адамнан діни сипаттағы аудио жазбалары бар ұялы телефондар, тыйым салынған діни әдебиеттер және өзі жазған парақтар алынды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 256-бабы "Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" бойынша тіркеді. Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.                

Полиция департаменті азаматтарға әлеуметтік желілердегі күмәнді сайттар мен топтарға кірмеу керектігін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу