Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 181 мыңнан астам материал жойылды

839

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылмен салыстырғанда ақпараттық кеңістікте экстремизмге қарсы тақырыптағы жарияланымдар 2 есеге артқан.  

Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 181 мыңнан астам материал жойылды

"2021 жылдың басынан бері интернет-кеңістікте діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 181 мыңнан астам материал анықталып, жойылды. 324 заңсыз материал бұғатталды. Өткен жылмен салыстырғанда жойылған және бұғатталған контент саны 8 еседен астам өсті", – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Азаматтардың дінтану сауаттылығын арттыру және деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы іс-қимыл жасау үшін БАҚ-та, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде 132 мыңнан астам түрлі форматтағы жарияланымдар орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу