Еліміздің түрмелерінде ислам радикализмінің 700-ге жуық жақтасы отыр. Олармен қазір қайта тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі мен Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Ақпаратқа қарағанда, соңғы 2 жыл ішінде эктремизм үшін сотталған 300-ге жуық отандасымыз оңалтудан өткен. Жалпы бұл бағытта жұмыс істейтін арнайы қызмет елімізде 2017 жылы құрылған. Содан бастап, әрбір сотталушының жағдайы түрмеге түскен күннен жеке қаралуда екен. Яғни, алғашқы 15 күн карантиндік бөлімшеде ұсталады. Осы уақыт ішінде мекеме әкімшілігі жеке тұлғаны зерттейді, психологтар жұмыс істейді. Нәтижесінде сотталушының толық психологиялық портреті жасалады. Осындай кешенді шаралардың нәтижесінде қамауға алынғандардың тең жартысы діни ұстанымдарын өзгерткен.