Экстремизмге қарсы халықаралық заң қабылданды

1232

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер шекаралық ынтымақтастықты күшейтеді. 

Экстремизмге қарсы халықаралық заң қабылданды

Сенаттың жалпы отырысында "Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы" заң қабылданды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзара әрекеттестігінің тиімділігін арттыруды көздейтін құжатқа ұйым құрамындағы елдердің басшылары осыдан 3 жыл бұрын елордада қол қойған.

"Конвенция экстремизм түсінігін тұңғыш рет халықаралық деңгейде деструктивті көрініс ретінде белгілейді, оның мазмұны мен экстремистік іс-әрекеттің негізгі түрлерін анықтайды. Құжат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экстремизмге қарсы күрес саласында өзара іс-қимылын қалыптастырады", – деді жалпы отырыста ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков. 

Оның сөзінше, конвенцияға ШЫҰ елдерінің аумағына экстремистік ұйымдардың мүшелерін кіргізбеу үшін шекаралық ынтымақтастықты күшейту, экстремизмге қарсы шаралар әзірлеу мен іске асыруда халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимылды арттыру, БАҚ пен интернет желісінде экстремизмге қарсы іс-қимылдың насихатталуына ықпал ету, 
экстремистік идеологияның таралуын уақтылы анықтау мен жолын кесу мақсатында мониторинг жүргізуді жетілдіру міндеті жүктелген. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу