ЭКҰ нәтижесінде елімізде 4 мыңға жуық сәби дүниеге келді

375

Бұл – соңғы екі жылдағы көрсеткіш.

ЭКҰ нәтижесінде елімізде 4 мыңға жуық сәби дүниеге келді Фото: Ашық дереккөзден

 

Мемлекет жыл сайын ана мен бала денсаулығын сақтау бөлігінде ұстанымын күшейтеді.   Босандыру қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында өткен жылы елімізде 403 мың бала аман-есен дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР ДСМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржылық қамтамасыз етуге келетін болсақ, босандыру сапасын жақсарту үшін қалыпты босандыру құнының тарифі 30%-ға көтерілді. Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес, жыл сайын ЭКҰ-ның 7 мың рәсімін өткізуге қаржы бөлінеді. Екі жылдың ішінде арнайы бағдарламаны іске асыру үшін 14 мың әйелге ЭКҰ өткізілді, 6 мыңнан астам әйелде жүктілік басталды, 4 мыңға жуық  нәресте дүниеге келді, ЭКҰ-дан кейін 3 мыңға жуық жүкті әйел көптен аңсаған  балалардың туылуын күтуде. Әр түрлі өңірлерде 18 ұрықты сақтау орталығы ашылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамтудың серпінді өсуін көріп отырмыз - 6%-ға, жалпы көрсеткіш 79%-ға жетті", делінген хабарламада.

"Қамқорлық" бастамасы табысты іске асырылуда, бүкіл ел бойынша 15 оңалту орталығы және 11 ерте араласу орталығы ашылды. Балаларды медициналық оңалтумен қамту 2019 жылғы 18%-дан 2022 жылы 30%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, баланы дамыту кабинеттерінің желісі 600-ден 1500-ге дейін кеңейтілді.

Жыл сайын 1,5 миллионнан астам бала скринингпен қамтылады, 5 миллионнан астам бала профилактикалық тексеруден өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу