Эквадор парламенті елдің экс-президентің сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп тапты

337

Гильермо Лассо мұнайды танкер арқылы тасымалдаумен айналысатын FLOPEC мемлекеттік компаниясында сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқан. 

Эквадор парламенті елдің экс-президентің сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп тапты Фото: pixabay.com

Эквадор парламенті бейсенбі күні бұрынғы президент Гильермо Лассоны бюджет қаражатын жымқырды деп айыптап, ақпаратты прокуратураға жіберді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ұлттық ассамблея 116 дауыспен Гильермо Лассо ұрлық үшін саяси жауапкершілікке тартылды деп шешті және осыған байланысты, барлық құжаттарды прокуратура мен қадағалау органына тиісті тергеуді бастау мақсатында жіберді", - делінген Парламенттің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында (бұрынғы Twitter).

Заң шығарушылардың пайымдауынша, Лассо мұнайды танкермен тасымалдаумен айналысатын FLOPEC мемлекеттік компаниясында сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқан. Сонымен бірге, парламентшілер бұрынғы мемлекет басшысына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым сала алмайтындарын мойындады. Өйткені, заңның бұл түрі конституцияда қарастырылмаған.

Еске сала кетейік, 17 мамырда өкілеттігі 2025 жылы аяқталуы тиіс Лассо Ұлттық жиналысты тарату және жаңа президенттік пен парламенттік сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. 17 қарашада заң шығарушы органның жаңа құрамы жұмысқа кірісіп, экс-президенттің кінәсі туралы мәселені қарауды жалғастыру туралы шешім қабылдады. Ал 23 қарашада екінші кезеңнің қорытындысы бойынша сайланған Даниэль Нобоа президент қызметіне кірісті.

Ресми деректерге сәйкес, Эквадорда келесі парламенттік және президенттік сайлау 2025 жылы өтуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу