Эквадор президенттігіне үміткер сайлау алдындағы науқаннан кейін өлтірілді

465

Президент Гильермо Лассо саясаткердің қайтыс болғанын растады. 

Эквадор президенттігіне үміткер сайлау алдындағы науқаннан кейін өлтірілді Фото: Karen Toro, Reuters

Эквадор президенттігіне үміткер 59 жастағы Фернандо Вильявисенсио сайлау алдындағы митингтен кейін өлтірілді. Бұл туралы эквадорлық El Universo газеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Сайлау митингі Кито қаласындағы мектепте өткен. Іс-шара аяқталып, Фернандо Вильявисенсио мектеп ғимаратынан шыққан кезде басына үш рет оқ атылды. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Ecuavisa басылымының мәліметінше, саясаткерге үш адам оқ атқан. Бүгінгі таңда екі күдікті ұсталды.

Фернандо Вильявисенсио бұрын журналист болған, ол өзінің кәсіптік мансабын El Universo газетінде бастады. Ел президенттігіне үміткер саясатқа 2013 жылы келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу