Эквадорда ірі жол апаты болды

549

"Барселона" футбол клубының жанкүйерлері сүйікті командасының сырт алаңдағы ойынынан кейін қайтар жолда жол апатына ұшырады.

Эквадорда ірі жол апаты болды

Эквадордың "Барселона" футбол клубының жанкүйерлері сүйікті командасының сырт алаңдағы ойынынан кейін қайтар жолда жол апатына ұшырады, деп хабарлайды  altaynews.kz ТАСС AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Клуб президенті Хосе Франсиско Чеваллостың мәлімдеуінше, жазатайым оқиға жексенбі күні болған. Эквадор чемпионатының матчынан кейін Куэнкадан Гуаякильге қайтар жолда "Барселона" клубының жанкүйерлері мінген көлік апатқа ұшырап, соның салдарынан 12 адам ажал құшқан, тағы 30-ы жарақаттанған.

"Барселонаның" стадионында қаза тапқан жанкүйерлерді еске алу шарасы өтеді.

Жалпы жол-көлік оқиғалары Эквадорда жиі болады. Жергілікті қызметтердің ақпаратына қарағанда, күн сайын орта есеппен 1 адам қаза тауып, 80-ге жуық адам зардап шегетін көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу