Эквадорда ішкі қарулы қақтығыс шиеленісе түсті

Тұтқындар бес түрмені басып алды, кейбір мәліметтер бойынша онда 140-қа жуық адам кепілде отыр. 

Эквадорда ішкі қарулы қақтығыс шиеленісе түсті Фото: Vicente Gaibor del Pino/Reuters

Эквадор президенті Даниэль Нобоа 22 қылмыстық топты бейтараптандыруға бұйрық берді. Елдің Жоғарғы соты оларды әскери мақсатқа теңестірді, ал парламент билікті асыра пайдаланған жағдайда қауіпсіздік күштеріне рақымшылық жасауға уәде берді. Бұл  туралы inbusiness.kz сайты CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Эквадордың барлық оқу орындары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Petroecuador мұнай-газ мемлекеттік компаниясы өз объектілерін қорғауды күшейту туралы мәлім етті. Сондай-ақ, елде барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Медициналық мекемелер тек шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, прокурорлар ұсталған 17 қашқын қылмыскерге айып тағып отыр.

РБК телеарнасына сұхбат берген сарапшылар бұл тәртіпсіздіктердің саяси мақсаты жоқ деген пікірді алға тартады.

"Қылмыскерлер үкіметті кетірмейді немесе елде төңкеріс жасамайды. Олардың негізгі мақсаты — өз күшін көрсетіп, олармен санасу керектігін дәлелдеу", — деп түсіндірді ISLU Ибероамерикандық бағдарламалар орталығының директоры, Ресейдің Аргентинадағы бұрынғы елшісі (1993–1996) Ян Бурлей.

Сарапшының пікірінше, соңғы кездері қарапайым азаматтар мен колумбиялық есірткі мафиясы арасында да байланыс бар. Олар Эквадорды есірткі саудасының халықаралық хабына айналдыруға әрекет етіп жатыр.

"Көршілес Колумбияның да есірткі саудагерлерімен күресуде үлкен тәжірибесі бар. Оған АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасы белсенді қатысады.  Эквадорда мұндай тәжірибе жоқ", — деп атап өтті сарапшы.

Бұдан бөлек, шекара аумағы өте ашық болғандықтан, колумбиялық есірткі картельдері есірткіні Эквадорға және одан басқа елдерге импорттайды.

Аймақтағы қылмыс туралы ақпаратты қадағалайтын InSight Crime ұйымының мәліметі бойынша, Эквадор тәркіленген кокаин көлемі бойынша Латын Америкасы елдері арасында екінші орында тұр. 2022 жылы полиция шамамен 180 тонна есірткіні тәркілеген. Тек Колумбияда елінде 352 тоннаға артық тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу