Эквадорда коронавирус құрбандары "бауырластар зиратына" жерленеді

824

Елдегі науқастардың саны 1600-ден асқан.

Эквадорда коронавирус құрбандары "бауырластар зиратына" жерленеді

Науқастар ең көп тіркелген елдегі Гуаякиль қаласында індеттен қаза тапқандар "бауырластар" зиратында жерленеді. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Қала әкімшілігінің өкілі Густаво Суньганың айтуынша, мәселені шешу үшін шаһар маңынан 300 мәйітке арналған жер бөлінетін болады.

Айта кетейік, Эквадордағы науқастардың 71 пайызы осы қаланың тұрғындары. Бұған дейін елдің Ішкі істер министрі Мария Паула Рома соңғы үш күнде шаһардан 100-ге тарта мәйіт шығарылғанын мәлімдеді. Бірақ олардың барлығы коронивирустен көз жұмғандар еместігін айтқан еді.

Ресми дерек бойынша, елдегі аурулардың саны 1627-ге жеткен, оның 41-і ажал құшқан.

"Бауырластар зираты", – бір уақытта жаппай қайтыс болғандарды (соғыс, эпидемия, ашаршылық, табиғи апат) бірге жер қойнына тапсыру. Марқұмдарды ақтық сапарға барлық рәсімімен шығарып салып, жеке жерлеуге мүмкіндік болмаған жағдайда осындай зираттарға көміледі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу