Эквадорда коронавирустың жаңа штаммы анықталды

417

Эквадорда EG.5 ("Эрис") коронавирусының жаңа штаммын үш адам жұқтырғаны расталды. 

Эквадорда коронавирустың жаңа штаммы анықталды Фото: inbusiness.kz

Сәрсенбіде Prensa Latina агенттігінің хабарлауынша, жұқтырғандардың барлығы республиканың солтүстігіндегі Пичинча провинциясында тұрады, деп жазады Inbusiness.kz.

Эквадор билігі көршілес аймақтарда алдын алу шараларын жүргізуде. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы алты аптада Covid-19 жиілігі төмендеп келеді және вирусты жұқтырумен байланысты қаза тапқандар үш апта ішінде тіркелген жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бақылаудағы коронавирус нұсқаларының тізіміне "эрис" штаммын қосты. Әлемде мұндай вирусы бар алғашқы үлгілер 2023 жылдың ақпанынан тіркеле бастады. ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде бұл нұсқаны анықтау жиілігі 6,2%/дан 11,6%-ға дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу