Эквадорда коронавирустың жаңа түрлері табылды

654

Бұған дейін Британияда жаңа штамм анықталған еді.

Эквадорда коронавирустың жаңа түрлері табылды

Эквадорда коронавирустың жаңа түрлері табылды. Жергілікті ғалымдардың айтуынша, олардың бірі індеттің өршуіне әсер еткен болуы мүмкін, бірақ оның Британиядағы жаңа штамға ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы Эспириту Санто университетінің зерттеушілері мәлім етті.

Олар елдегі 22 провинцияның әрқайсысынан генетикалық материалды жинап зерттеген. Вирустың жаңа екі түрі шілде және қараша айлары аралығында пайда болған. 

Бұған дейін Британияда коронавирустың жаңа штамы анықталған еді. Респираторлық вирус қатері жөніндегі кеңестің айтуынша, бұл штамм бұрынғысына қарағанда тез таралатын көрінеді. Дегенмен оның аурудың асқынуына себеп болатыны-болмайтыны туралы мәлімет жарияланған жоқ. Осы жағдайға байланысты бірқатар ел Британиямен арадағы көлік қатынасын уақытша тоқтатып тастады.

Табиғат Нұрболат

Фото: latimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу