Эквадорда Котопахи жанартауы оянды

1037

Котопахи жанартауынан шыққан күл 2 шақырым биіктікке жетті.

Эквадорда Котопахи жанартауы оянды Фото: Рен ТВ

Эквадор астанасы Кито қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан Котопахи жанартауы күл бағанасын 2,2 шақырым биіктікке лақтырды, деп жазады inbusiness.kz.

Эквадор геофизика институтында (IG) Котопакси ауданында тәулігіне 24 сағат спутниктік бақылау жүргізіліп жатқанын, төтенше жағдай әзірге жарияланбағанын хабарлады.

Эквадорлық БАҚ-тың хабарлауынша, күлден құралған қара бұлт елдің оңтүстік-батыс бөлігіндегі Сан-Хоакин және Сан-Агустин-де-Калло қалаларының үстінде көрінген.

Әлемдегі ең биік жанартаулардың бірі Котопахи жанартауы атқылаған күл Китодағы үйлер мен көліктерді жауып тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу