Эквадорда лаңкестік шабуылдан 5 адам қаза тапты

607

Жарылыстан сегіз үй және екі көлік қирап қалды.

Эквадорда лаңкестік шабуылдан 5 адам қаза тапты

Эквадордың Гуаякиль қаласына террорлық шабуыл жасалып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Тағы 16 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Қаскөйлер Кристо Дель Консуэло ауданына соққы жасады. Олардың кім екені анықталып жатыр.

Жарылыстан сегіз үй және екі көлік қирап қалды. Эквадордың Ішкі істер министрі Патрисио Каррильо лаңкестік әрекетті жасағандарды айыптады.

"Ұзақ уақыт бойы экономикамызды есірткімен улап келген ұйымдасқан қылмыстық топ қазір жарылғыш заттарды қолдана отырып бізге соққы беруде. Бұл – Эквадор полициясына емес, мемлекетке соғыс жариялау", – деді министр.

Ел президенті Гильермо Лассо қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

"Мен қауіпсіздік кабинетіне Гуаякиль халқын қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым", – деді ол.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу