Эквадорда наразылық шарасы кезінде қаза тапқандар саны 4-ке жетті

572

Бас көтерген 100-ден астам адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Эквадорда наразылық шарасы кезінде қаза тапқандар саны 4-ке жетті

Эквадорда жергілікті тұрғындар үкіметке қарсы наразылық шараларын ұйымдастырып, салдарынан қаза тапқандар саны 4-ке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл елде үкіметке қарсы ереуілдердің басталғанына 10 күндей болды. Мыңдаған жергілікті тұрғын ел астанасы Кито мен басқа қалаларда өз наразылығын білдіру үшін жаппай көшелерге шығуда. 

Ереуілшілер мен полицейлер арасындағы қақтығыстар көбейді. Осы күнге дейін бас көтерген 100-ден астам адам түрлі деңгейдегі жарақат алды.

Наразылық акцияларын Эквадордың байырғы тұрғындарының Конфедерациясы (Conaie) ұйымдастырып отыр. Ереуіл бүкіл елді шарпыды. Шеруге қатысушылар жанармай бағасын төмендетуді және ауыл шаруашылығы тауарларының қымбаттауын шектеуді талап етуде.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу