Эквадордағы президенттік сайлауда екінші тур өтеді

567

Эквадордағы президенттік сайлау қанды оқиғаларға толы болды. Екі саясаткер атып өлтірілді.

Эквадордағы президенттік сайлауда екінші тур өтеді Фото: edition.cnn.com

Эквадордағы президенттік сайлаудағы дауыстардың 92 пайызын санау нәтижесінде солшыл азаматтық революция қозғалысының кандидаты Луиза Гонсалес 33 пайыз дауыс жинады, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің сайлау комиссиясының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Гонсалес әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткедей екінші турға өтті. Онымен бірге 15 қазанда өтетін екінші турға бұрынғы парламент депутаты Даниэль Нобоа шықты, ол 24 пайыз дауыс жинады.

Эквадорда осыдан екі апта бұрын бірінен кейін бірі екі саясаткер өлтірілді. Алдымен "Сап" қозғалысының президенттікке кандидаты Фернандо Вильявисенсьо қаза тапты.

El Universo газетінің хабарлауынша, ол Китодағы сайлауалды кездесуден кейін үш рет басынан атып өлтірілген.

Кейін Эквадордың Эсмеральдас провинциясындағы "Азаматтық революция" солшыл саяси қозғалысының жетекшісі Педро Брионесті белгісіз адамдар үйінің сыртында атып кеткен.

"Азаматтық революция" Президенттігіне үміткер Луиса Гонсалес марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Эквадор қазір ең қанды дәуірді бастан кешуде. Үкіметтің теріс саясаты бізді мафия басып алған мемлекетке айналдырып, қан жұтуға әкеліп отыр. Осы зорлық-зомбылықтан қаза тапқан әріптесім Педро Брионестің отбасына көңіл айтамын", - деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.Тасым Жаңай                     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу