ЕҚЫҰ Армения мен Әзербайжанды келісімді орындауға үндеді

683

Қос ел шекарасындағы жағдай 12 мамырдан бері тұрақсыз.

ЕҚЫҰ Армения мен Әзербайжанды келісімді орындауға үндеді

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы әрі Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линде Армения мен Әзербайжанды шешілмеген мәселелерді бейбіт жолмен шешу жөніндегі келісімді орындауға үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz министрдің Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Армения мен Әзербайжан шекарасындағы жайттар алаңдаушылық тудырып отыр. Мен тараптарға жақында қабылданған гуманитарлық шараларды жалғастыруға және шешілмеген мәселелерді бейбіт жолмен шешу жөніндегі мәлімдемені толықтай орындауды ұсынамын (Әзербайжан, Армения және Ресей басшыларының Таулы Қарабақтағы әскери операцияларды тоқтату туралы үшжақты мәлімдемесі)", – деді ол.

Қос ел шекарасындағы жағдай 12 мамырдан бері тұрақсыз. 28 шілдеде Армения-Әзербайжан шекарасында қақтығыс болды. Бакудың хабарлауынша, атыс салдарынан екі әзербайжандық әскери жарақат алды, Ереван үш адамның қаза тауып, бес армениялықтың жараланғанын мәлім етті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу