ЕҚЫҰ Баку мен Ереванды келіссөзге шақырды

615

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Армения мен Әзірбайжанды мәселелерді келіссөз арқылы шешуге шақырады.

ЕҚЫҰ Баку мен Ереванды келіссөзге шақырды

Ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Рау Оңтүстік Кавказ елдері бойынша 29 наурыздан 1 сәуірге дейінгі турнесінің қорытындысы бойынша тиісті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакске сілтеме жасай отырып.

"Турне қауіпсіздіктің қазіргі сын-қатерлеріне және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерге, сондай-ақ ЕҚЫҰ мен Оңтүстік Кавказ өңіріндегі үш мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналды", – делінген хабарламада.

Төрағаның Әзербайжандағы келіссөздері "ЕҚЫҰ-ның берік және орнықты бейбітшілікке қол жеткізуге қатысуына және Әзірбайжан мен Армения арасындағы қатынастарда шешілмеген мәселелердің шешімдерін іздестіруге" арналды.

"Біз, әсіресе, ұсталғандарды босату, хабар-ошарсыз кеткендер туралы ақпарат алмасу, тарихи және мәдени нысандарды минасыздандыру және қорғау сияқты шұғыл гуманитарлық мәселелерді шешуге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", – деді ЕҚЫҰ төрағасы мәлімдемеде.

Ол Польшаның ЕҚЫҰ төрағасы ретінде "жергілікті жерлердегі деэскалация үшін аса қажетті диалогқа жәрдемдесуге бағытталған барлық бастамаларды табанды түрде қолдайтынын" атап өтті.

"Біз Арменияны да, Әзірбайжанды да барлық шешілмеген мәселелерді жан-жақты шешуге келу үшін адал келіссөздер жүргізуге шақырамыз", – деді қазіргі төраға.

Баку мен Ереванда ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы өзінің Жеке өкілі, Елші Анджей Каспшиктің рөлін атап өтіп, оның мәселелерді шешуге қатысуын кеңейтуді ұсынды.

Төрағаның пікірінше, Каспшиктің жұмысы "қауіпсіздікке ықпал ету, сенімді нығайту, гуманитарлық қолжетімділікті жеңілдету және басқа да өмірлік маңызды мәселелерге үлес қосу арқылы қосымша пайда әкелуі мүмкін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу