ЕҚЫҰ бюросының миссиясымен референдумға дайындық барысы талқыланды

552

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сайлау жөніндегі аға кеңесші Алексей Громов бастаған ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының қажеттіліктерді бағалау жөніндегі миссиясын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

ЕҚЫҰ бюросының миссиясымен референдумға дайындық барысы талқыланды

Бюро өкілдері елімізге 5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумға байланысты келді.

Олардың міндеттерінің бірі – барынша қолайлы байқау форматы бойынша ұсынымдар әзірлеу. Кездесу барысында тараптар халықаралық байқаушыларды аккредиттеу рәсімін және референдумға дайындықтың басқа да мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Тараптар ЕҚЫҰ ДИАҚБ мен Қазақстан Республикасы арасындағы, оның ішінде сайлау науқандарына қатысты диалогтың жандануы мен сындарлы сипатын құптады.

Еске салсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының "Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі" атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу