ЕҚЫҰ Қазақстандағы депутаттар сайлауын байқауға дайындықты бастады

569

Елімізге Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясының өкілдері келді.

ЕҚЫҰ Қазақстандағы депутаттар сайлауын байқауға дайындықты бастады

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан 2021 жылғы 10 қаңтарда болатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына байланысты Қазақстанға келген ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау бойынша аға кеңесшісі Алексей Громов бастаған Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі миссиялар ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерге сайлауалды ахуалды талдау және сайлауға дайындық мәселелерін нақтылау мақсатында сайлауға бірнеше ай бұрын мерзімде дәстүрлі түрде барады. Олардың міндеттерінің бірі – ДИАҚБ тарапынан сайлауды бақылаудың неғұрлым қолайлы форматы бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Кездесу барысында тараптар COVID-19 пандемиясы жағдайында халықаралық бақылаушыларды аккредиттеу рәсімін егжей-тегжейлі талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу