ЕҚЫҰ: Матаевтар үкімі Қазақстандағы сөз бостандығына зиян келтірмек

1988

ЕҚЫҰ: Матаевтар үкімі Қазақстандағы сөз бостандығына зиян келтірмек

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) әкелі-балалы Сейітқазы және Әсет Матаевтарға шыққан сот үкімі Қазақстандағы БАҚ плюрализміне зиянын тигізуі мүмкін деп алаңдайтынын білдірді.

ЕҚЫҰ таратқан мәлімдемеде ұйымның сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Матаевтарға шығарылған үкім Қазақстандағы баспасөз еркіндігіне зиян тигізуі мүмкін екенін айтты. "Қазақстандағы сот жүйесінің тәуелсіздігіне қол сұғу ниетім жоқ, дегенмен, Қазақстандағы ақпарат құралдарының көрнекті өкілдеріне шыққан сот үкімі мені таңдандырды", – дейді Миятович.

3 қазанда Астананың Есіл аудандық соты Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз-клубының жетекшісі С. Матаевты "қаржы жымқырды" және "салық төлеуден жалтарды" деген айыптармен 6 жылға соттады. Ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаев "қаржы жымқырды" деген айыппен 5 жылға сотталған.

Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне - 169 млн теңге, "Қазақтелеком" компаниясына 140 млн теңге қайтаруы тиіс болды. Бұдан өзге, үкімде Матаевтардың жылжымайтын мүліктері (бірнеше пәтер мен жер телімі), оның ішінде Ұлттық баспасөз-клубы мен бірнеше көлігі тәркіленетіні айтылды.

ЕҚЫҰ өкілінің пікірінше, сот үкімі салдарынан ҚазТАГ пен Ұлттық баспасөз-клубы жабылып, ол Қазақстандағы баспасөздің әралуандылығына зардап келтіруі мүмкін.

 Azattyq.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу