ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайту Қазақстан үшін басым бағыт саналады – Тоқаев

400

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты  нығайту Қазақстан үшін басым бағыт саналады – Тоқаев Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтвы мәлімдеді, деп жазады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін Хельга Шмидке алғыс айтып, аталған форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жаңа алаң екеніне назар аударды. 

– Сіз бастап келген ЕҚЫҰ делегациясы осы форумда көптеген түйткілді мәселелердің оң шешілуіне елеулі үлес қосады деп санаймын. Өкінішке қарай, қазір әлемде ондай проблемалар бар. ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты  нығайту Қазақстан үшін басым бағыт саналады. Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады. 2010 жылы Астанада өткен саммиттен кейін министерлер деңгейінде де, басқа форматта да бірде-бір ресми құжат қабылданған жоқ. Әрине, бұл – алаңдатарлық жайт. Біз ұйым аясындағы байланыстарды нығайту қажет екеніне бұрынғыдай кәміл сенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – ЕҚЫҰ-ның белсенді мүшесі. Президент еліміздің ЕҚЫҰ-мен арадағы өзара тиімді серіктестік және ашықтық рухындағы тығыз қарым-қатынасынодан әрі нығайтуға және осы ұйымның Бас хатшысы Хельга Шмидке жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу