ЕҚЫҰ төрағасы Буяр Османи Қазақстанға келеді

434

Сапар 11 тамызға жоспарланған.

ЕҚЫҰ төрағасы Буяр Османи Қазақстанға келеді Фото: Ашық дереккөзден

11 тамызда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Бұл туралы Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте айтты.

Сапар аясында Буяр Османи ел басшылығымен, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен, сонымен қатар Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовамен кездесуді жоспарланып отыр.

"Келіссөздер барысында Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сонымен қатар еліміз бен Солтүстік Македония арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасу өтеді", - деді СІМ-нің ресми өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу