ЕҚЫҰ төрағасы Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы: "Бұл соғыс тоқтауы керек"

440

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қазір қиын жағдайды басынан өткеріп жатыр.

ЕҚЫҰ төрағасы Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы: "Бұл соғыс тоқтауы керек" Фото: BBC

Бұл туралы ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі Буяр Османи Астанаға жасаған ресми сапарында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"ЕҚЫҰ қазір қиын жағдайды басынан өткеріп жатыр. Ресей Украинаға соғыс ашты. Бұл біздің адамгершілік, сонымен қатар жаппай ұжымдық қауіпсіздігімізге өз әсерін тигізді. Біз адамзаттың зардап шегіп жатқанын көріп отырмыз. Бұл соғыс тоқтауы керек. Соғыс аяқталған соң біз одан да мықты тығыз қарым-қатынастар орнатамыз", - деді ол баспасөз конференциясында.

Буяр Османидің сөзінше, қауіпсіздік тұрғысынан алғанда Ауғанстандағы жағдай Орталық Азия аймағына өз әсерін тигізіп жатыр.

Бұдан бөлек ол екіжақты кездесуде климаттың өзгеруі мәселесі де талданғанын атап өтті. 

"ЕҚЫҰ Орталық Азияға бірқатар жобаларды ұсынады. Оның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастық, сонымен қатар пайдалы қазбалар, су ресурстары саласындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері бар. ЕҚЫҰ бұл бағытта қолдау көрсетуге дайын", - деді спикер.

ЕҚЫҰ Қазақстанның іске асырып жатқан реформаларын жоғары бағалайды, деді Буяр Османи.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу