Ел аумағына 6,5 млн қорап темекі заңсыз өткізілмек болған

195

Темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені құрайды. 

Ел аумағына 6,5 млн қорап темекі заңсыз өткізілмек болған Фото: canva.com

ҚР ҚМА қызметкерлері көлік прокуратурасын үйлестірумен, ҰҚК Шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД қатысуымен Кедендік бақылау аймағынан тыс жасырын өтіп, Түрікменстан аумағынан әкелінген контрабандалық темекі партиясын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұсталған автокөліктің жүкқоймасында жолқұжаттарда мәлімделген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі болған.

6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылық фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген ҚМА хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу