Ел аумағына экстремистер мен педофилдерді кіргізбейтін заң мақұлданды

752

Бұл туралы Парламент мәжілісінің депутаты Ғазиз Құлахметов "Халықтың көші-қоны туралы" заң жобасын таныстырған кезінде айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі.

Ел аумағына экстремистер мен педофилдерді кіргізбейтін заң мақұлданды

"Босқындар туралы" заңның 8 және 9-баптарын сәйкестендіру мақсатында өзгерістер енгізіледі. Пана іздеген адамдар мен босқындар Қазақстан аумағындағы мекенжайын ауыстырған жағдайда тіркеуден шығып, бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органда қайта тіркелуі тиіс. Енді пана іздегендерді ел аумағында мекенжайы бойынша тіркеп, мұндай тұлғаларды тіркеу тәртібін бекіту құзыретін Ішкі істер министрлігіне берген орынды", – деп атап өтті мәжілісмен.

Одан бөлек, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" заңдарға шетел азаматтарын елімізге кіргізбеу туралы тармақтар қосылмақ. 

"Мәселен шетел азаматының экстремизм-терроризмге қатысы бары немесе Қазақстанда экстремистік не террористік деп танылған ұйымға қатысы бары туралы мәлімет-деректер негізінде шетел азаматының елге кіруіне тыйым салынады және ұлттық қауіпсіздік органдарына тыйым салу себебін түсіндірме құқығын беру ұсынылады. Балаларды қылмыстық құқықбұзушылықтан қорғау мақсатында кәмелетке толмаған балаларға сексуалды сипатта қылмыс жасағандарға Қазақстанға келуге өмір бойына тыйым салынады, Қазақстанда тұрақты мекендеуіне және Қазақстан азаматтығын алу туралы эмигранттық өтінішін қабылдауға да рұқсат берілмейді", – деді мәжіліс депутаты Құлахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу