Ел аумағына құрғақ қант шикізатын әкелуге квоталар енгізілмек

527

Тиісті құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

Ел аумағына құрғақ қант шикізатын әкелуге квоталар енгізілмек Фото: yandex.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі “Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы” бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл бұйрықпен құрақ қанты шикізатын республика аумағына әкелуге квотаның мөлшері мен қолданылу мерзімі бекітілетін болады.

Қазақстан аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері – 350 мың тонна, қолданылу мерзімі биылғы 22 сәуірден бастап 31 желтоқсанға дейін деп көрсетліген.

Квота – құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының тіркелген көлемі, ол Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде кедендік әкелу бажын төлеуден босатылады.

Құрақ қанты шикізаты – өнеркәсіптік өңдеуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларындағы құрақ қанты шикізаты.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының аумағына құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады.

Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) өтінім берушілер арасында бөлінетін квота көлемі;

      2) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында шикі құрақ қантына квоталарды бөлуге қатысуға өтінім.

       4)  квота алу үшін қажетті құжаттар тізбесі.

Құжатты жария талқылау 12 мамырға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу