Ел аумағынан 674 шетел азаматы шығарылды

914

Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Бекназаров осылай деп мәлімдеді.  

Ел аумағынан 674 шетел азаматы шығарылды

Ол сот шешімімен 674 шетел азаматы 5 жыл Қазақстан аумағына кіру құқығынан айырылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz  тілшісі.

"Пандемия кезеңінде шекара жабылып, көптеген мигранттар шектеулерге байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан шыға алмады, соған байланысты Үкіметтің арнайы қаулысы қабылданып, елде болу мерзімі ұзартылды. Жалпы, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында халықаралық көші- қон ұйымымен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде 133 мың мигрант еліне оралды. Өз еркімен кетуден бас тартқан және тергеу органдарынан жасырынған 674 шетел азаматы бес жыл бойы Қазақстан аумағына кіру құқығынсыз сот шешімімен елден шығарылды", – деді депутат. 

Оның айтуынша, заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін 27 қылмыстық іс қозғалды. 

"Көші-қон еліміздегі ұлттық қауіпсіздікке, әлеуметтік, экономикалық жағдайға тікелей әсер ететін сала болғандықтан, көші-қон процестерін реттеп, заңсыз көші-қонның алдын алу үшін тиісті құқықтық негіз жасау өте маңызды", – деп қорытты ойын Нұрлан Бекназаров. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу