Ел аумағынан адам ағзасын шығаруға рұқсат беріледі

773

Даулы нормалар пысықталып, консенсус табылды. 

Ел аумағынан адам ағзасын шығаруға рұқсат беріледі

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, адамның ағзасы мен тіні Қазақстан азаматтарына медициналық көмек көрсету үшін ғана шығарылады. 

"Халық денсаулығы" туралы кодекс жобасын мәжілісте талқылау барысында даулы нормалар пысықталып, консенсус табылды. Кодекс жобасында Қазақстан аумағынан адамның ағзасы мен тіні тек қана ҚР азаматтарына медициналық көмек көрсету үшін шығарылады", – деді Елжан Біртанов "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс пен "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзету енгізу жөнінде" ілеспе заң жобасын таныстыру барысында. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу