Ел аумағында 40 градусқа дейін аяз болады

319

Республика бойынша боран, көктайғақ, тұман болып, екпінді жел соғады деп күтіледі.

Ел аумағында 40 градусқа дейін аяз болады Фото: canva.com

Елімізге арктикалық суықтың түсуі жалғасуда, алдағы үш күнде республика бойынша температураның одан әрі төмендеуі күтіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

23-24 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қар жауады. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ауа-райы болады. 

Еліміздің солтүстік жартысындағы ауа температурасы түнде 20-30 градус аяз, жекелеген аудандарда қатты аяз –35 градус болады деп болжанып отыр. Күндіз 13-20 градус аяз, елдің орталығы мен шығысында 20-35, жекелеген өңірлерде  – 40 градус қатты аяз, оңтүстікте түнде 15-25 градус, жекелеген аудандарда 28 градус қатты аяз, күндіз 5-15 градус аяз болуы ықтимал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу