Ел аумағында 450 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға болады

927

Бұл үшін "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу", "Кәсіпкерлікті дамыту" және "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" атты ұлттық жобаларды жүзеге асыру қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz

Ел аумағында 450 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға болады

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің мәлімдеуінше, жоғарыдағы ұлттық жобалар тұрақты жұмыс орнын ашып, халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді. 

"Үш ұлттық жобаны тиімді іске асыру орнықты экономикалық өсуді 5%-дан  төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27%-ға арттыруға және ел бойынша 450 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстанның ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, ұлттық жобалар экономиканы әртараптандыру арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. 

"Ұлттық жобаларды Энергетика, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт министрліктері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп іске асырады", –  деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу